Аймақтар
1 мин оқу 260

Павлодарда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

<p style="text-align: justify;">Жол апаты Малайсары батыр көшесінде болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://pavlodarnews.kz/admin/@Pavlodarnews.kz.">Pavlodarnews.kz-ке</a>&nbsp;сілтеме жасап.</p>

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 наурыз күні үш көлік – МАЗ, автобус және Chery автокөлігі соқтығысқан.  Салдарынан 11-бағыттағы автобустың жолаушысы медициналық көмекке жүгінген. Аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде, сараптама тағайындалды. 

Облыстық жедел жәрдем станциясы жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шеккенін хабарлады. Оқиға орнында медициналық апаттар орталығының мамандары жұмыс істеді. 

–  Зардап шеккен екі адамды медициналық апаттар орталығының мамандары, біреуін жедел жәрдем қызметкері қарап шықты. Олардың үшеуі де № 1 қалалық ауруханаға жеткізілді, – дейді станциядағы мамандар.

Үшеуінің жағдайы да орташа дәрежеде. Көбінде ми жарақаты тіркелген.

Бөлісу:
Павлодарда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар