Теннис
1 мин оқу 555

Алан Құрманғалиев Португалиядағы турнирдің чемпионы атанды

<p style="text-align: justify;">Португалияның Вила-Реал қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінде 16 жасар қарағандылық Алан Құрманғалиев жеңімпаз атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҰОК-ке сілтеме жасап.</p>

17 жасқа дейінгілер арасында Алан қарсыластарының бәрін ұтты. Атап айтқанда, испаниялық Франческа Каррераны, колумбиялық Хуан Рамиресті, франциялық Ной Вительді, Пуэрто-Рико өкілі Энрике Риосты, чехиялық Мартин Сипті жеңді. Сондай-ақ тағы бір испаниялық Даниэль Берзосадан, румыниялық Драгош Бужорадан айласын асырды.

Осылайша, Алан Құрманғалиев алтыннан алқа тақты.

Бөлісу:
Алан Құрманғалиев Португалиядағы турнирдің чемпионы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар