Спорт
2 мин оқу 400

Қазақстан Кузбастағы ойындарда алтыншы орын алды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Ресей Федерациясының Кузбасс аймағында қысқы спорт түрлерінен ІІ &laquo;Азия балалары&raquo; ойындары аяқталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қазақстан Кузбастағы ойындарда алтыншы орын алды

Санаулы сəттер бұрын өткен ресми жабылу рәсімінде еліміздің байрағын делегация басында шорт-трекші Мадияр Мадихов ұстап шықты. Ал халықаралық ойындардың туын түсіру рəсіміне чемпион ретінде Қазақстан атынан Мейіржан Төлеген қатысты.

Он күнге созылған кешенді жарыста Қазақстан 3 алтын, 5 күміс және 6 қола медальге қол жеткізіп, жалпы есепте 6-орын алды. Жалпы Кузбастағы ойындарға 5 спорт түрінен 58 отандасымыз аттанған.

Илья Мизерных (шаңғымен тұғырдан секіру, К-40), Мейіржан Төлеген (шорт-трек), Варвара Глухова (конькимен жүгіру) чемпион атанды.

Мейіржан Төлеген (шорт-трек, 1500м), Илья Шильников (шаңғымен тұғырдан секіру, К-40), эстафетада ерлер құрамасы (шорт-трек), аралас командалық сында Илья Мизерных пен Софья Шишкина (шаңғымен тұғырдан секіру), спринтте ерлер құрамасы (конькимен жүгіру) күміс жүлдегер атанды.

Ал Малика Жолтабар (шорт-трек, 1500м), Софья Шишкина (шаңғымен тұғырдан секіру, К-40), эстафетада қыздар құрамасы (шорт-трек), аралас командалық сында Илья Шильников пен Алёна Свериденко (шаңғымен тұғырдан секіру), Мадияр Мадихов (шорт-трек, 100м), шаңғы жарысындағы достық эстафетасында Арина Андрющенко («Спорт» құрамасында) қола жүлдеге ие болды.

Жалпы есепте Сібір федералды округі 1-орын алса, одан кейін Мәскеу облысы, Орал мен Қиыр шығыс федералды округінің құрамасы жайғасты. Ойындар кезінде 57 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Қатысушы елдер: Қазақстан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Кувейт, Қырғызстан, Ливан, Непал, Тәжікстан, Таиланд, Түрікменстан, Өзбекстан мемлекеті;

Мәскеу облысы, Кузбасс аймағының құрамасы;

Қиыр шығыс федералды округі, Сібір федералды округі, Орал федералды округінің құрамасы;

Башқұртстан, Саха, Татарстан Республикасы;

Есіңізге сала кетейік, Қазақстан 2019 жылы өткен алғашқы «Азия балалары» ойындарына 8 спорттан 74 спортшы апарған. Жалпы есепте 7 алтын, 7 күміс және 6 қола медальмен 11 құраманың ішінде 6-орыннан көрінген.

Бөлісу:
Қазақстан Кузбастағы ойындарда алтыншы орын алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар