Ақтөбе облысында оқушылар жол апатына ұшырады
<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысы Шалқар ауданы маңында оқушылар жол апатына ұшырады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://diapazon.kz/news/121046-deti-katalis-na-dzhipe-i-perevernulis-odna-devochka-pogibla">«Диапазон»</a> сайтына сілтеме жасап.</p>

Басылым мәліметінше, оқиға 4 наурызда кешкі сағат 20:55 шамасында Шалқар-Базой тасжолының 4-шақырымында болған. 9-сынып оқушысы Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеп келе жатып аударылған. Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған қыз сол жерде қайтыс болған. Қалған төртеуі Шалқар аудандық ауруханасына жеткізілді.
Балалар Шалқардың №8 мектебінің оқушылары екені айтылған. Алайда өңірдің білім басқармасы өкілдері әлі ешқандай пікір білдірмеген.