Дәстүр
2 мин оқу 400

Қырағы құсбегілер

<p style="text-align: justify;">Құсбегілік &ndash; ұлтымыздың қанына сіңген ұлы дәстүр. Көшпенділердің өміріне тағантас болған берік өнер. Содан да болар тәлім-тәрбиесі атадан балаға қастерлі қалпымен жарасымды жалғасып та келеді. Оған дәлел, Жетісуда өткен республикалық саятшылар жарысы. Аушы құсты қолға ұстап қырағылық көрсеткен бүркітшілер бәсекесі елді сүйіндірді.</p>

Қырағы құсбегілер

Құсты баулып аңға салу әркімнің пешенесіне жазыла бермейтін қадірлі де қасиетті өнер. Сондықтан да дәстүрлі қазақ қоғамында оның алар орны ерек. Жетісу өңірі өз ал­дына жеке облыс болғалы алғаш рет құсбегілерді бір ша­ңы­рақ астына жинап, ұлт­тық ойын­ның көркін қыздырды.

Ескелді ауданына қарас­ты Жетісу ауылының қысы жан­­ға жайлы, қоңыр салқын, спорт­тық іс-шаралар өткізу­ге өте ың­ғайлы. Мұны көр­ген Қазақстан құсбегілер федерациясының жауапты ма­мандары саясатшылық жарысын өткізуге осы жерді таң­дапты. Жарыстың қолайлы өтуіне барлық жағдай жасал­ған. Бұл игілікті істі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мамандары мо­йынға алып, барынша абы­роймен өткізуге тырысты. Со­лай болды да.

Құсбегілердің жыл са­йынғы жауапты жарыстары Алматы облысының На­рын­қол өңірінде өтетін. Өңір екі­ге бөлінгеннен кейін, дәс­түрлі доданы өткізу кезегі жеті­су­лықтарға бұйырды. Сол күні табиғатта тосын мінез танытпады, күн де күлімдеп тұрды.

Жастар арасындағы құс­бегілердің ХІV республика­лық чемпионатына Алматы, Түркістан, Абай, Атырау, Маң­ғыстау, Шығыс Қазақстан об­лыстары мен Астана және Алматы қаласының құсбегі­лері қатысты. Ашылу салтана­тына жиналған ағайынның қарасы көп болды. Екі күнге созылған жарыс елдің есінде қалды. Балапан күнінен бап­таған әртүрлі аңшы құстың айла­сы, бітім-болмысы, мінезі көп­шілікті таңдай қақтырды.

Жарыс соңында ең үз­дік көрсеткіштерге ие бол­ған жеңімпаздар арнайы жүл­­делерге ие болды. Бүр­кіт­шілер ара­сында Атырау облысы­нан келген Иманғали Әбді­кәрім­ұлы чемпион болса, қаршыға салуда Алматы облысының өкі­лі Сейітжан Бексұлтан үз­дік атанды. Ителгі салудан Түр­кістан облысынан келген Мүсәлім Салманға тең келер құсбегі болған жоқ.

Ал Түркістан облысының құсбегілері 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальға ие болды. Аты­рау және Алматы облысының өкілдері бір-бірден алтын ме­даль­ды жеңіп алды.

Жетісу облысы

Бөлісу:
Қырағы құсбегілер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар