Аймақтар
1 мин оқу 230

Екі облыста көлік қозғалысы уақытша шектелді

<p style="text-align: justify;">Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе және Қарағанды облыстарында бірқатар жол уақытша жабылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;ҚазАвтоЖолдың&raquo; баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;&nbsp;</p>

Ведомство мәліметінше, бүгін сағат 07:10-да Қазақстанның екі облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Атап айтқанда, Ақтөбе облысының бір бөлігі мен Қарағанды ​​облысының бір бөлігінде жолдар жабылды.

Ақтөбе облысында «Самара – Шымкент» а/ж 776-965 км, Ақтөбе учаскесі – Қарабұтақ ауылы, автокөліктің барлық түріне арналған жол жабық тұр.

Қарағанды ​​облысы бойынша «Екатеринбург – Алматы» тасжолы 1505-1854 км, Жұмабек ауылы – Балқаш учаскесі, көліктің барлық түріне арналған жол жабық.

Бөлісу: