Аймақтар
1 мин оқу 351

Атырауда ұрланған қару-жарақтар табылды

<p style="text-align: justify;">Атырау полицейлері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтарды тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Polisia.kz-ке сілтеме жасап.</p>

28 ақпан күні Атырау облысы ПД қызметкерлері «Қару»  жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Ақсай елдімекені тұсындағы Жайық өзенінің жағалауында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың сақталған жерін анықтаған.

Тексеру кезінде Атырау облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағына тиесілі Форт-500М мылтығы, үш 12 мм калибрлі патрон, екі ГСЗ ДК-130 СГ граната, бір ПР 54 резеңке таяқша және жеке қорғаныс құралдары, оқ өтпейтін кеудеше, каскалар табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.


Бөлісу:
Атырауда ұрланған қару-жарақтар табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар