Елімізде әйелдер саны 10 миллионнан асты
<p style="text-align: justify;">Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы әйелдерге қатысты жаңа ақпарат ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

2023 жылғы 1 ақпандағы соңғы мәліметтер бойынша елімізде 10 118 282 әйел тұрады, оның 6,3 млн-ы қалалық жерде, 3,7 млн-ы ауылды жерлерде тұрады.
Өңірлер бөлінісінде әйелдердің саны бойынша Алматы қаласы (1 157 823), Түркістан (1 040 069) және Алматы облыстары (753 562) көш бастап тұр.
Қазақстандық қыз-келіншектердің орташа жасы – 33,7 жас.
Бұл көрсеткіш 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2,6 жылға ұлғайған. Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы карантин болған 2020-2021 жылдардан кейін қайтадан өсе бастап, 78,3 жас болды.