Қаржы
1 мин оқу 430

Ұлттық банк арнайы тиындар коллекциясын сатылымға шығарды

<p style="text-align: justify;">Ұлттық банк түрлі тиындар коллекциясын арнайы сатылымға шығарып келеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ведомствоның баспасөз қызметіне <a href="https://www.nationalbank.kz/ru/news/informacionnye-soobshcheniya/15235" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме </a>жасап.</p>

Ұлттық банк арнайы тиындар коллекциясын сатылымға шығарды

Ұлттық банк мәдени көшпенділердің тотемі бейнеленген AQQÝ тиындар коллекциясы мен SALIÝT-1 тиындар коллекциясын сатылымға шығады. Арнайы тиындарды Ұлттық банктің онлайн дүкенінен сатып алуға болады.

«Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» монеталар сериясынан AQQÝ:

  • Салмағы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, диаметрі 1 мм гауһар тасы бар, номиналы 500 теңгелік 4000 дана тиын;
  • Мельхиор (MN 25) қорытпасынан жасалған, салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, rroof-like сапасындағы, номиналды құны 200 теңге, таралымы 10 000 дана;
  • Салмағы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм мельхиор (MN 25) қорытпасынан жасалған, brilliant uncirculated сапасындағы, номиналды құны 100 теңгелік, таралымы 30 000 дана тиындар коллекциясы сатылымға шығарылды.

«Ғарыш» монеталар сериясынан SALIÝT-1:

  • массасы 41,4 грамм, күмістен және танталдан (күміс сақинасының сынамасы 925/1000, массасы 14,6 грамм, тантал дискісінің массасы 26,8 грамм) дайындалған, диаметрі 38,61 мм, сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 2500 дана;
  • мельхиор қоспасынан (МН 25) дайындалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – proof-like, номиналы 200 теңгелік, таралымы 10 000 дана.

рп

пр

Бөлісу: