Халық
1 мин оқу 461

«Анаға сәлем»

<p style="text-align: justify;">Еркеғали Рахмадиев атын&shy;дағы Мемлекеттік ака&shy;&shy;демиялық филармония Халықаралық әйелдер кү&shy;ніне арналған мерекелік концерт ұсынды.</p>

«Анаға сәлем»

«Анаға сәлем» кешінің бағ­дарламасында аналар және махаббат туралы таң­дамалы әндер, оның ішін­де Александр Зацепиннің «Көк­тем вальсі», Ескендір Ха­сан­ғалиевтің «Са­ғындым сені», Арно Бабад­жанянның «Ко­­ролева красоты», Шәм­ші Қалдаяқов әндерінен попурри, Астор Пья­цолланың «Libertango» және басқалары бар. Бұл шығар­малар – өз за­манының жау­һарлары ретінде танылған ұмы­тылмас әуендер.

Концертте Арайлым Ра­хым­қызы, Алтынай Жора­бае­ва, Светлана Айтбаева, Естай Мұ­қашев, «Дарын» Мемлекеттік жас­тар сыйлығының лау­реаты Нұр­бол Балапанов, халық­аралық және республикалық бай­қау­лардың лауреаттары Зарина Омарова, Айдын Жұмабаев, Фа­рида Жолдасова, Алуа Қа­­лымбекова, Алтыншаш Мұ­қа­таева, Парасат Отан, Ақ­бота Құснадин, Әкімхан Мә­же­­нов, Фируза Рахметова, Дәу­рен Төлеубаев өнер көрсетті. Эс­традалық вокал бөлімінің көр­кемдік жетекшісі – Арайлым Рахымқызы, классикалық вокал бөлімінің көркемдік жетекшісі – Роза Шотқалиева, халық әні бөлімінің көркемдік жетекшісі – Телман Нұркенов. Жеке орын­даушылар үрлемелі оркестрмен (көркемдік жетекшісі – Никита Почиталин) және «ALEM» заманауи хореография балетімен (көркемдік же­текшісі – Бақыт Тажинов) бірге сахнаға шықты.

Бөлісу:
«Анаға сәлем» · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар