Аймақтар
1 мин оқу 590

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді

<p style="text-align: justify;">8 наурыз күні сағат 13:00 шамасында республикалық маңызы бар Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары тасжолының 62 шақырымында қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қар көшкінінің параметрлері: ұзындығы - 4 м, ені - 3 м, биіктігі – 1 м.

Зардап шеккендер жоқ. Республикалық күре жол ашық. Учаскеде қозғалыс бір жолақ бойымен ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта жолшылар учаскені тазартып жатыр. Арнайы техника жұмылдырылды.

Бөлісу: