Әлем
1 мин оқу 350

Мысырда пойыз апатынан 2 адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Мысырда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, теміржол станциясына соғылған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Хабар 24&raquo; арнасына сілтеме жасап.<br /><br /></p>

Соның салдарынан 2 адам көз жұмып, 23-і жарақат алды. Қазір оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Мамандар зардап шеккен жолаушыларды вагон ішінен алып шығып, жақын маңдағы ауруханаларға жеткізді.

Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Алдын ала нұсқа бойынша машинист жылдамдықты асырып жібергенге ұқсайды.

Мысыр прокуратурасы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарын бастады. 

Бөлісу:
Мысырда пойыз апатынан 2 адам қайтыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар