Теннис
1 мин оқу 300

Александр Бублик Индиан Уэллс мастерс турнирінде сүрінді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстанның бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Бублик Индиан Уэллс мастерс турнирінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Қазақстан теннисшісі бірінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 175-орында тұрған тайбэйлік Ву Тун Линмен күш сынасты.

Бірінші кезеңде есеп теңесіп 3:3 болды, алайда тайбэйлік спортшы брейк жасап, 6:4 есебімен басымдылығын сақтап қалды.

Қарсылас екінші сетте де алға жылжыды - 3:1. Нәтижесінде ол 6:4 есебімен жеңіп, келесі айналымға өтті.

Десе де Александр Бублик 6 эйспен көзге түсті.

Айта кетсек, турнирдің жалпы жүлде қоры - 8,8 млн АҚШ доллары. Индиан Уэллс додасы 19 наурызда аяқталады.

Бөлісу:
Александр Бублик Индиан Уэллс мастерс турнирінде сүрінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар