Президент
1 мин оқу 184

Бірлігіміз бекем болса, тосқауылдың бәрін еңсереміз - Президент

<p style="text-align: justify;">Олардың арасында өңірдің дамуына үлес қосып жүрген сала мамандары мен оқыс оқиғалар кезінде белсенділік танытып, азаматтық үлгі көрсеткен кісілер де бар, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақордаға сілтеме жасап.</p>

Президент өңір белсенділерімен пікір алмасты. Ол бүгін аймақтың тыныс-тіршілігімен танысып жүргенін айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Батыс Қазақстанды еліміздің дамуы үшін маңызды аймақ деп атап өтті.

«Облыстың әлеуеті зор. Елімізде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Осындай кезеңде біз үшін ең құнды нәрсе – бейбітшілік, өзара түсіністік. Осы жолда бәріміз бір ел болып еңбек етсек, ешқандай кедергі болмайды. Бірлігіміз бекем болса, тосқауылдың бәрін еңсереміз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы кездесуге қатысқан ғалымдарға, жастарға, еңбек адамдарына қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сонымен қатар Президенттік жастар кадрлық резерві әлеуметтік лифт ретінде жұмыс істей бастағанын атап өтті.

з

Бөлісу:
Бірлігіміз бекем болса, тосқауылдың бәрін еңсереміз - Президент · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар