Сабақ кезінде телефон ұстауға заң жүзінде тиым салынуы мүмкін
<p style="text-align: justify;">Оқу-ағарту министрі оқушылардың сабақта телефон ұстауын шектейтін бұйрық шығармақ. <a href="https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14445560" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Бұйрық жобасы</a> Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұйрық жобасында орта білім беру ұйымдары қызметінiң үлгілік қағидаларын балалардың өмірі мен денсаулығы үшін педагогтар мен ата-аналардың жауапкершілігін жүктеу туралы тармақтармен толықтыру көзделген.
«Мұғалімнің шешімі бойынша сабақта оларды қолдану қажеттілігін есепке алмағанда, білім алушылар мен педагогтар сабақтарда мобильді байланыс құралдарын пайдаланбайды», деп жазылған бұйрық жобасында.