Президент
1 мин оқу 190

Президент Ақсайдың белсенді жастарымен кездесті

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақсай қаласындағы Жастар ресурстық орталығында өңірдің белсенді жастарымен жүздесті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақордаға сілтеме жасап.</span></p>

Мемлекет басшысымен жүздескен жастар өздерінің жетістіктері туралы айтты.

Президент еліміздің болашағы өскелең ұрпақтың қолында екеніне тоқталып, мемлекет еңбекқор жастарға, олардың идеялары мен ұсыныстарына  әрқашан қолдау көрсететінін айтты. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды  жастарға жол ашу керек екенін жеткізді.

Луд

Ақсай қаласындағы Жастар ресурстық орталығы жергілікті тұрғындарға бірнеше бағыт бойынша қызмет көрсетеді:

Орталықта «Болашақ» коворкинг алаңы, «Аяла» қайырымдылық дүкені жұмыс істейді.

Мұнда NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастырумен айналысатын Жастарға қызмет көрсету орталығы бар.

Шажу

Орталық мамандары жасөспірімдерге, өмірде түрлі қиындыққа тап болған жандарға психологиялық көмек көрсетеді.

Кездесу барысында «Серпін» бағдарламасының түлегі Диёр Нуруллаев Мемлекет басшысынан моноқалаларды дамыту бағдарламасында жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Ьдв

Бөлісу:
Президент Ақсайдың белсенді жастарымен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар