Қаржы
1 мин оқу 294

Биыл кәсіпкерлер 11 трлн теңгеден астам несие алды

<p style="text-align: justify;">Ұлттық банктің мәліметінше, жыл басынан бері кәсіпкерлерге берілген несие мөлшері өткен жылға қарағанда ұлғайған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Биыл кәсіпкерлер 11 трлн теңгеден астам несие алды

Қазақстанда кәсіпкерлерге несие беру көлемі 11 трлн теңгеден асты. Ұлттық банктің мәліметінше, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерге 11,4 трлн теңге сомасында несие берілген. Бұл өткен жылдан қарағанда 35,7 пайызға немесе 3 трлн теңгеге артық.

Оның ішінде ірі бизнеске 5 трлн теңгеден астам (2022 жылғы ақпанмен салыстырғанда 56,25 пайызға көп), ал шағын және орта бизнеске – 6,4 трлн теңге (23,07 пайызға артық) берілді.

Негізгі үлес өнеркәсіп саласына – 4,6 трлн теңге, сауда саласына – 2,3 трлн теңге және басқа салаларға – 2,5 трлн теңге несие берілген.

Бөлісу:
Биыл кәсіпкерлер 11 трлн теңгеден астам несие алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар