Ұлыбритания Ресей мен Беларусь спортшыларының олимпиададан шеттетілуін сұрады
<p style="text-align: justify;">Ұлыбритания үкіметі олимпиаданың негізгі демеушілерінен Ресей мен Беларусь спортшыларының олимпиадаға қатыстырылмауын талап етіп отыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұлыбритания 2024 жылы Парижде өтетін олимпиада ойындарына орыстар мен беларусьтердің қатысуына қарсы.
The Guardian хабарлағандай, Мәдениет министрі Люси Фрейзер ұйымға осы мәселе бойынша ХОК серіктестеріне, соның ішінде Coca-Cola, Intel, Samsung және Visa-ға жүгінген.
«Біз Ресей мен Беларуссияда спорт пен саясаттың бір - бірімен тығыз байланысты екенін білеміз. Сондықтан спортты үгіт-насихат мақсатында пайдалануына жол бермеуге бел будық», деп жазды министр хатында.
Ұлыбритания үкіметі Ресей мен Беларусь спортшылары соғысты жақтамаса да, олардың жарысқа қатысуына рұқсат беруге болмайды деп отыр.