Теннис
1 мин оқу 530

Қазақстандық теннисші Ариана Гогулина чемпион атанды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">14 жастағы қазақстандық теннисші Ариана Гогулина ITF Juniors World Tennis Tour жасөспірімдер әлемдік теннис турында сәтті ойын көрсетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Қазақстандық теннисші Ариана Гогулина чемпион атанды

Астана Ұлттық теннис орталығының тәрбиеленушісі алдымен жеке разрядқа, содан кейін жұптық разрядқа қатысты. Теннисші бірінші ойында Үндістаннан келген қарсыласын 6:2 есебімен ұтты.  Қарсыласы екінші партиядан бас тартты.

Екінші айналымда Ариана Альбина Какеновамен жұптасып ойнады. Қарсыластары Сатима Төреген мен Анастасия Крымкова болды. Ариана мен Альбина басым түсіп, 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ариана ойында өзін жақсы көрсетіп, көзге түсті.

Спортшының жаттықтырушысы Мукам Эрматов оның толық формада емес екенін атап өтті.

«Қазірдің өзінде Ариана -  ересектер арасындағы теннистен Қазақстан чемпионы. Оның халықаралық мансабы әлі алда», деді ол.

Бөлісу:
Қазақстандық теннисші Ариана Гогулина чемпион атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар