Жолдасбеков жүлдегерлері
<p style="text-align: justify;">Әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық универ­сите­тінде өткен Ө.Жол­дас­беков атындағы ма­тема­тика және механи­ка бойынша XII халық­аралық ғылыми жобалар байқауында Алматы қаласының құрама командасы жеңіске жетті. Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 150-ден астам оқушы қатысқан байқауда алматылық команда 4 алтын, 2 күміс жә­не 4 қола медаль иеленді.</p>

– Мектеп оқушыларының жеңісіне әрдайым қуанамыз. Бүгін олар тағы да жүлделі орындарға ие болды. Оларды жеңісімен құттықтаймыз! Білім алуға деген ынта ешқашан сөнбесін. Халықаралық байқау жыл сайын ғылыми-зерттеуге қызығушылық танытқан дарынды оқушыларды анықтау үшін өткізіледі. Осылайша, нақты ғылымды зерттеуге ынталандырамыз, – деп атап өтті Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.
Байқауға қатысушылар математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер бойынша ғылыми жобаларын қорғады.
Қатысушылар арасынан №159 гимназияның оқушылары Абай Бағжан мен Жөкен Дияр, сонымен қатар №178 мамандандырылған лицейдің оқушылары Мұқаш Ермұхан мен Әубәкір Іңкәр жеңімпаз атанды. №178 мамандандырылған лицей оқушылары Жалғасбек Адал және Аяжан Маратова күміс жүлдеге ие болды. №159 гимназияның оқушылары Ерасыл Есенгелдин, Нұралы Оралбеков, Жанбота Дәуленхан және №39 мамандандырылған лицейдің оқушысы Олжас Майсыұлы үшінші орынды еншілесе, байқауға қатысқаны үшін №83 гимназияның оқушысы Аяулым Шаяхмет арнайы грамотаға ие болды.
АЛМАТЫ