Ауа райы
1 мин оқу 261
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 14-16 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, аптаның басында антициклон әсерінен жауын-шашын күтіледі.
«14-15 наурызда солтүстік-батыста, 15-16 наурызда солтүстікте, шығыста, республиканың оңтүстік облыстарында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен қар аралас жауын-шашын болады, оңтүстікте жаңбыр жауады», делінген «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.
Сонымен қатар Республикада тұман күтіледі, көктайғақ болып, кей жерлерде жел күшейеді.
Синоптиктердің мәліметінше, температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
Бөлісу: