Сайлау
1 мин оқу 650

Сайлау комиссиясының құрамына кімдер кіре алмайды?

<p style="text-align: justify;">ОСК өкілдері сайлау комиссиясының құрамына кіре алмайтын адамдардың санаттарын атады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сайлау комиссиясының құрамына кімдер кіре алмайды?

Сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды:

1. Соттылығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;

2. Сот iс-әрекетке қабілетсiз немесе iс-әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам;

3. Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқаратын адамдар;

4. Мемлекеттік саяси қызметкер лауазымындағы адам;

5. Кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттарға тікелей бағынышты адамдар;

6. Қазақстан Республикасы соттарының судьялары;

7. Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктер, шетелдік мемлекеттік органдар, шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар тарапынан қаржыландырылатын саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің ұсынысы негізінде ұсынылған және (немесе) сайланған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.

Бөлісу: