Спорт
1 мин оқу 375

Әлемдегі ең қымбат футбол құрамасы

<p style="text-align: justify;">Ең қымбат және әйгілі футболшылардан тұратын Дүниежүзілік құраманың тізімі жарияланды. Бұл тізімнің көш басынан француздық &laquo;ПСЖ-ның&raquo; шабуылшысы Килиан Мбаппе көрінді, оның құны 180 миллион евроға бағаланады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Әлемдегі ең қымбат футбол құрамасы

Әлемнің ең қымбат футбол құрамасы тізіміне барлығы 11 спортшы ілінген, ал бұл команданың жалпы құны - 1,17 миллиард евроны құрайды.

Дүниежүзілік футбол құрамасының толық тізімі келесідей:

Қақпашы: Тибо Куртуа («Реал», 60 миллион евро).

Қорғаушылар: Маттейс де Лигт («Бавария», 70 млн), Йошко Гвардиол («РБ Лейпциг», 75 млн) және Рубен Диаш («Манчестер Сити», 75 млн).

Жартылай қорғаушылар: Педри («Барселона», 100 млн), Джамал Мусиала ("Бавария, 100 млн), Джуд Беллингем («Боруссия», 110 млн) және Филип Фоден («Манчестер Сити», 110 млн).

Форвардтар: Винисиус Жуниор («Реал», 120 млн), Эрлинг Холанд («Манчестер Сити», 170 млн) және Килиан Мбаппе («ПСЖ», 180 млн).

Бөлісу:
Әлемдегі ең қымбат футбол құрамасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар