Медицина
1 мин оқу 250

Биыл коронавирус пандемиясы аяқталады - ДДҰ

<p style="text-align: justify;">Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус 2023 жылы COVID-19 пандемиясы аяқталатынына сенім білдірді. Бұл туралы ол денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін кіші Томас Фрэнсис медалін тапсыру кезінде айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://m.gazeta.ru/">gazeta.ru</a>&nbsp;сайтына сілтеме жасап.</p>

Биыл коронавирус пандемиясы аяқталады - ДДҰ

«Биыл қандай да бір уақытта COVID-19, қоғамдық денсаулық сақтау аймағындағы халықаралық алаңдаушылық тудыратын төтенше жағдай және пандемия ретінде аяқталды деп айта алатынымызға сенімдімін», деді Гебрейесус.

Сонымен қатар ол 11 наурызда ДДҰ алғаш рет COVID-19 індетін пандемия деп жариялағанына үш жыл толғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазір әлем пандемия кезіндегіден әлдеқайда жақсы жағдайда.

Бөлісу:
Биыл коронавирус пандемиясы аяқталады - ДДҰ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар