Сенат
1 мин оқу 150

Сенатта Армения мен Тәжікстанның елшілерімен кездесулер өтті

<p style="text-align: justify;">Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Асқар Шәкіров Тәжікстан Республикасының және Армения Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшілері Хайрулло Ибодзода және Армен Гевондянмен кездесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тәжікстан дипломатымен кездесу барысында екіжақты парламентаралық ынтымақтастық мәселелері, атап айтқанда, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың 2022 жылғы мамыр айында Тәжікстанға жасаған сапарында қол қойылған 2022-2024 жылдарға арналған жоспарды іске асыру барысы және осы салада атқарылған шаралардың қорытындысы талқыланды.

Армения Республикасының Елшісі өз елінің өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты, оның ішінде инвестициялар тарту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі белсендіруге мүдделі екендігін білдірді. Сондай-ақ халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасты.

Дипломаттар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асып жатқан жан-жақты реформаларды іске асыру барысымен, сондай-ақ алдағы Парламент Мәжілісіне сайлауға дайындық жұмысымен танысты.

Кездесулер нәтижесінде ҚР Парламентінің екіжақты және көпжақты парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтуге дайындығы туралы айтылды.

Бөлісу:
Сенатта Армения мен Тәжікстанның елшілерімен кездесулер өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар