Экономика
1 мин оқу 372

Қытайдан тауар тасымалдайтын пойыз іске қосылды

<p style="text-align: justify;">Қытай әлемнің барлық дерлік еліне ең көп тауар жеткізетіні баршаға мәлім. Енді онлайн сатып алған тауарларды делдалсыз пойыз арқылы жеткізуге мүмкіндік туды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қытайдан тауар тасымалдайтын пойыз іске қосылды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ интернет-дүкендерден сатып алынған тауарларды апта сайын тасымалдайтын транзиттік пойыз іске қосылғанын хабарлады.

«Интернет арқылы сатып алынған тауарлары бар тұрақты транзиттік шаттл-пойыз Үрімші (ҚХР) бағыты бойынша Алашаңқай – Достық шекаралық өткелі арқылы Ресей бағытында, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстанға қатынайтын болады. Тасымалдау ұйымдастырушысы – KTZ Express «Atasu Logistics» ЖШС. Жүкті межелі станцияға жеткізу мерзімі 7-10 күнді құрайды. Тұрақты қызмет көрсету жиілігі – апта сайын. Болашақта тасымалдау көлемі ұлғайса, шаттлдарды жөнелту жиілігі де ұлғаяды», делінген ҚТЖ баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Бөлісу:
Қытайдан тауар тасымалдайтын пойыз іске қосылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар