Есірткі
1 мин оқу 345
Түркістан облысында ірі көлемде есірткі табылды
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысындағы шекарада автокөліктің жанармай багынан есірткінің ірі партиясы табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҰҚК ірі көлемдегі есірткі тауарларын Қазақстан Республикасына әкелу әрекетінің жолын кесті. Шетелдік азамат тізгіндеген автокөлікті Түркістан облысы Сарыағаш ауданының аумағындағы Жібек жолы өткізу пунктінде шекара жасағы тоқтатқан.
«Көлік құралын тексеру барысында жанармай багының ішіне салынған 14 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар табылды. Оның ішінде: 5,29 кг героин, 792 г апиын және 5335 кг гашиш, 1,962 кг синтетикалық есірткі бар», деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Бөлісу: