Білім
1 мин оқу 260

YASAWI UNIVERSITY шәкірті америкалық байқауда жеңімпаз атанды

<p style="text-align: justify;">Ясауи университетінің &laquo;Мемлекеттік және жергілікті басқару&raquo; білім беру бағдарламасының 3-курс докторанты Назерке Батырбек АҚШ-тың &laquo;Community Engagement Exchange&raquo; (Қауымдастықпен тәжірибе алмасу) бағдарламасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

YASAWI UNIVERSITY шәкірті америкалық байқауда жеңімпаз атанды

Community Engagement Exchange бағдарламасы – XXI ғасырдың маңызды мәселелерін шешу үшін қауымдастықтармен жұмыс істейтін инноваторлардың динамикалық жаһандық желісі. Ахмет Ясауи университетінің шәкірті әлемнің 92 елінен 6300-ден астам үміткер қатысқан осы жобаның финалына шығып, 142 көшбасшының қатарынан көрінді.

Ендігі кезекте Назерке Батырбек АҚШ-тың Детройт және Вашингтон қалаларында 3 айлық тағылымдамадан өтіп, білімін шыңдайды. Тағылымдама барысында АҚШ-тағы беделді мемлекеттік емес ұйымдарда тәжірибе жинақтап, «Ашық үкімет» жобасы аясында шетелдік тәжірибемен танысады. Ал елімізге оралғаннан кейін 6 ай бойы жинаған білімі мен тәжірибесін Қазақстандағы түрлі салаларға арнап, жаңашыл жобаларды жүзеге асырады.

Бөлісу: