Дін
1 мин оқу 730
Биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді
<p style="text-align: justify;">Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері белгіленді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz </a>muftyat.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Биыл пітір садақа мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады», деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бөлісу: