Экономика
1 мин оқу 150

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы артты

<p style="text-align: justify;">Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2023 жылғы қаңтарда Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 2 130,4 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1%-ға артық, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл ретте тауарлардың экспорты қаңтар айында 932,7 млн долларды (52,9%-ға артық), импорт - 1 197,7 млн долларды (1,7%-ға артық) құрады.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей 92,4%-ды, Қырғызстан – 4,2%-ды, Беларусь - 3,3%-ды және Армения - 0,1%-ды алады.

ЕАЭО елдерімен экспорттағы ең үлкен өсім химиялық элементтер бойынша байқалды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6 есе өсті.

Бөлісу: