Өнер
1 мин оқу 370

Мұқанның музыкасы

<p style="text-align: justify;">Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Симфо&shy;ния&shy;лық оркестрі, Камералық хоры, &laquo;Қорқыт&raquo; дәстүрлі саз тобы, классикалық вокал бөлімі мен филармонияның дәстүрлі әншілері көр&shy;некті композитор Мұқан Төлебаевтың 110 жыл&shy;дығына арналған &laquo;Мұқанның мәңгілік мұ&shy;расы&raquo; атты сазды кешін ұсынды.</p>

Мұқанның музыкасы

КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлы­ғы­ның лауреаты Мұқан Төлебаев қазақ музыка өне­­рінде өшпес із қалдырды. Оның мұрасы – қазақ кәсіби музыкасының биік шыңы. Композитордың шығар­машылық қоржынында түрлі жанрдағы жүз­ден аса шығарма бар: опералар, симфониялық оркестр­ге арналған увертюралар мен фантазия­лар, дра­малық спектакльдер мен фильмдерге ар­налған музыкалар, романстар, әндер, хор және фор­тепианолық шығармалар. Бұл туындылар музыка тілінің шынайылығымен, өзіндік қолтаңбасымен ерек­шеленеді. Шығармашылық мол мұра қалдырған композитордың рухына тағзым ету – маэстроның музыка саласындағы ізбасарларының ғана емес, ұлттың да үлкен борышы саналады.

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филар­мониясы Симфониялық оркестрінің кон­цертінде «Қазақстан» симфониялық поэмасы, «Менің Қазақ­станым», «Бақыт вальсі», «Тос мені тос», «Кестелі ора­­мал», «Толғау», «Мереке би», «Той» симфониялық кар­­тинасы, «Біржан сал» операсынан Сараның ариясы және басқа да туындылары орындалады. Кеш солистері – ха­лықаралық байқаулардың лауреаттары Шахризада Ты­ныштық, Қуаныш Біләл, Сәулежан Тағзия, Алмат Ізбам­бетов, Әйгерім Аманжолова, Алтынбек Арыс­танбек, Тал­ғат Аллабиринов, Азамат Жыл­тыргөзов. Кештің дирижері Сим­фониялық оркестр­дің көркемдік жетекшісі Әділ Бестембеков болды.

Бөлісу:
Мұқанның музыкасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар