Қоғам
2 мин оқу 492

Тәнті еткен тәтті торттар

<p style="text-align: justify;">Алматыдағы Орталық мемлекеттік музей алғаш рет дәмі тіл үйіретін тәтті торттардың топтамасын көпшілікке тарту етті. &laquo;Торт музейі&raquo; аталатын көрмеде бармағынан алматылық бал тамған кондитерлердің эксклюзивті авторлық торттары топтастырылған. Көрмеге қатысқан жергілікті шеберлер түрлі дизайндағы, алуан пішін мен өлшемдегі 40-тан астам торттың түрін жасауға ниет білдіріп, тәттіні нағыз өнер туындысына айналдырған.</p>

Тәнті еткен тәтті торттар

Мысалы, «Белоснежка» ата­латын шедеврді әзірлеу үшін Инга Никуличева төрт тәу­лік уақытын жұмсаған. Ол – әуесқой кондитер. Құрамына қамыр, карамель, жеміс-жидек, қант қосылған тортты дайындау үшін 35 мың теңгесін жұмсаған, алайда бөлген уақытын, ең­бегін, шығармашылық ізденісін есептегенде, пісірген тортының на­рықтағы бағасы 100 мың тең­геге жуықтайды. «Алиса ға­­жайыптар елінде» – ең сүйік­ті ертегілерімнің бірі, бұл өнер­мен айналысқаныма көп болмаса да, алдымен мені тәнті еткен Бело­снежка бейнесін дайындауды ұйғардым», дейді Инга. Қазір ол кондитер-дизайнерлердің халықаралық байқауына қа­тысуға дайындалып жүр.

сммс

16 сәуірге дейін созылатын көрмеге келіп тәттілерді та­ма­шалайтындар торттардың та­рихы туралы қызықты мә­ліметтерге қанық болып, тортпен байланысты қызықты ин­терактивті бағдарламаларға қатысады. Сондай-ақ мұнда балалар тортпен байланысты ойын ойнап, суретке түсіп, уа­қытын қызықты өткізуге, дәм татып, шеберлік сыныбына қатысуға мүмкіндік алады. Шеберлік сыныбында аспаздар әрбір келушіге мастикпен сәндеп, өз шағын тортын әзірлеуге көмектеседі, күрделі ре­цептерді жеңіл әзірлеудің қыр-сырын үйретеді.

вав

смс

Тағам тарихын зерттеушілер торттың пайда бо­луы туралы түрлі болжам айтады. Олардың бірі тортты torta – «дөңгелек нан» деген мағынадағы италиан сөзімен байланыстырады. Торт бүгінгі Италияның аумағында 2000 жыл бұрын пайда болған десе, кейбір зерттеушілер Гре­кияны торттың отаны санайды. Ертедегі аспаздар торттың сал­масы мен безендіруіне жаң­ғақ, кепкен жеміс пен балды пайдалана отырып, қай­натылған дәннің езбесінен дайындаса, Шы­­ғыс әйелдері сүт пен күнжіт қо­сып пісірген. Алай­да торт қан­дай қоспамен әзірленсе де, бал та­ты­ған тәтті дәмінен ажырамайды.

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Тәнті еткен тәтті торттар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар