Спорт
1 мин оқу 244

Шәріпова шаршы алаңға шығады

<p style="text-align: justify;">20 мамырда Таразда кәсіпқой бокс&shy;тан халықаралық турнир өтеді. Сол жарыс&shy;та Қазақстанның танымал былғары қолғап шебері Фируза Шә&shy;ріпова да өнер көрсетеді.</p>

Шәріпова шаршы алаңға шығады

Айшықты өнерімен жанкүйерлер жүрегін жаулап алған 28 жастағы Жамбыл бокс мектебінің түлегі кәсіпқой рингте 17 кездесу өт­кізіп, 15 рет жеңіске жетті. Сегіз бәсекеде айқын басымдық танытты. Оның қарсыласы – Рут Чисейл. Малави өкілінің де жүріп өткен жолы жарқын жеңістерге толды. Ол 14 жекпе-жектің тек екеуінде ғана ұтылды. Жеті қарсыласын есінен тандырды.

Тараздағы бәсекеде бағы жанған боксшы 36 жастағы Ирландияның өкілі, Олимпиада чемпионы, бірнеше салмақ дәрежесі бойын­ша абсолютті әлем чемпионы Кэти Тейлормен күш сынасу құқығына ие болады.

Бөлісу:
Шәріпова шаршы алаңға шығады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар