Есірткі өндірісімен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
<p style="text-align: justify;">ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті ауқымды арнайы операция барысында интернет-ресурстардың көмегімен синтетикалық есірткі өндірісін және оларды Қазақстан аумағында өткізуді ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топтың қызметін жойды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://polisia.kz/sheteldikter-qazaqstanda-8-esirtki-zerthanasyn-iske-qosudy-zhosparlaghan/">Polisia.kz</a>. сайтына сілтеме жасап.</p>

Өткен жылдың аяғында Алматы облысындағы ведомствоның жедел қызметкерлері жедел шаралар жүргізді. Шара барысында өңір аумағында үш жасырын зертханада синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған сегіз шетел азаматы анықталып, ұсталған еді.
Осылайша, елімізде екі тонна синтетикалық есірткі өндіруге (4 миллион доза) және сегіз ірі есірткі зертханасын құруға жол берілмеді. Сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіруге арналған 30-дан аса басқа жабдық, оның ішінде вакуумдық сүзгілер, терморегуляторлар, сорғылар тәркіленген.