Спорт
1 мин оқу 190

Александр Бублик АҚШ-та топ жарды

<p style="text-align: justify;">Әлемнің 46-ракеткасы Александр Бублик АҚШ-та&nbsp;өтіп жатқан ATP Challenger Tour Arizona Tennis Classic турнирін жеңіспен бастады деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Александр Бублик АҚШ-та топ жарды

Жарыстың төртінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін рейтингте 90-орында тұрған америкалық Денис Кудламен өткізді.

Матч қорытындысы бойынша Бублик 7:6 (11:9), 4:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті. 2 сағат 13 минутқа созылған бәсеке барысында Александр Бублик 5 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 4 эйс, 3 брейкпен көзге түсті.

Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 93-ракеткасы, қытайлық Чжи-Чжень Чжан немесе рейтингте 130-сатыда тұрған аустралиялық Ринки Хиджикатаның біреуімен бақ сынасады.

Бөлісу:
Александр Бублик АҚШ-та топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар