Сайлау
1 мин оқу 290

Астана және Алматы сайлау округтерінде бәсеке басым

<p style="text-align: justify;">Бірмандаттық округтер бойынша Парламент Мәжілісіне 385 кандидат тіркелген, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Орталық сайлау комиссия­сы­ның төрағасы Нұрлан Әбдіровтің 13 наурыздағы жағдай бойынша жасаған мәлімдемесінде айтылған.

Ең үлкен бәсекелестік Астана және Алматы сайлау округтерінде байқалады. Бұл аймақтарда бір мандатқа 38 және 40, сондай-ақ 30, 28 және 27 кандидат тіркелген. Тіркеу қорытындысы бойынша ең аз бәсекелестік Түркістан облысының №25 округінде – мұнда бір мандатқа 4 кандидат.

Айта кетейік, бастапқыда елордадағы №1 және №2 сайлау округіне 63 үміткерден ұсыныс түскен еді. Сондай-ақ Алматы қаласындағы №3, №4 және №5 сайлау округінде де кандидаттар үлесі басым болған.

Бөлісу:
Астана және Алматы сайлау округтерінде бәсеке басым · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар