Мәдениет
2 мин оқу 340
Байтұрсынұлы мен Әуезовке арналған монеталар сатылымға шықты
<p style="text-align: justify;">Ұлттық банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясын шығарды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстан Ұлттық Банкі 14 наурыздан бастап Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай шығарылған коллекциялық монеталарды сатылымға шығарды.
AHMET BAITURSYNULY. 150 JYL коллекциялық монеталары:
– номиналы 500 теңгелік күміс монеталардың массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, сапасы – proof, таралымы – 2 000 дана;
Күмістен жасалған монеталардың бейнесі
– номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан (МН 25) тұратын монеталардың массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, таралымы 20 000 дана.

MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық монеталары:
– номиналы 500 теңгелік күміс монеталарының массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, сапасы – proof, таралымы 2 000 дана;
Күмістен жасалған монеталардың бейнесі
– номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан (МН 25) тұратын монеталардың массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, таралымы 20 000 дана.

Бөлісу: