Руханият
2 мин оқу 4,493

Жыл атаулары бейнеленген мұралар

<p style="text-align: justify;">Жыл атауларының шығу тарихы жайлы ғылыми-көпшілік болжам көп. Аталған тақырып бойынша зерттеу жасаған жаратылыстану мамандары 12 жыл атауы тіпті ғұндар дәуірінде болған деген пайым айтады. Соған қарағанда, жыл атауларының тарихы тым тереңде жатқан сыңайлы.</p>

Жыл атаулары бейнеленген мұралар

Соңғы жылдары жыл атауларына ие хайуандардың бейнесі бәдізделген деректер табылып жатыр. Мысалы, мына бір ерте дәуірдің мұрасы металл тиынның (1-сурет) жиегін жағалата жыл атауы жануарлардың мүсіні шекітіліпті. Бұл жәдігерге ұзақ жыл зерттеу жүргізген британ оқымыстысы һәм шығыстанушы, оның сыртында ерте дәуір һәм ортағасырлық нумизматика маманы Стенли Лейн Пул (1854-1931): «Бұл алтын ақ­ша Шыңғыс қа­ғанның за­ма­­­нында соғыл­ған» деген пә­туа жасапты. Бір қызығы, тиын бе­тіндегі 12 жа­нуардың бірі ерек­ше айшықталған. Зерттеуші оны ақша-тиын соғылған жылдың белгісі деген пайым жасапты.сисм

Сол сияқты жыл атауы жануарлар бейнесі шекітілген тағы бір жәдігер 1957 жылы қазіргі Түркістан облысы Созақ ауданы жеріндегі Баба-ата қалашығының ескі жұртынан табыл­ған екен (2-сурет). Бұйымды тауып алған ар­хеологиялық топтың басшысы Таисия Сени­гова таза мыстан жасалған бұл затты «Түркі медалі» деп атапты. Жәдігер үш метр тереңдіктен табылған екен. Медальдың өң бе­тінде жыл атауы хайуандардың бейнесі салын­ған, ортасында шаршы тәріздес тесігі бар.

смисм

Табылған жәдігердің суретті бейнесін 1960 жылдары қазақ күнтізбесінің білгірі, жаратылыстанушы ғалым, өте құнды еңбек – «Қазақ календары» кітабының авторы Мыңбай Исқақов қалпына келтірген көрінеді. Ғалымның жазбасында: «Хайуандар қошқар мүйіз (спираль тәрізді) жолдың бойында біріне-бірі тіркесе орналасқан. Мұнда мешіннің суреті маймылға ұқсатылыпты. Соған қарағанда қазақтың мифтік ұғымындағы «маймыл адамнан азған» деген сөз еске түседі» депті.

Келесі тағы бір жыл атауы хай­уандар бейнеленген жәдігерді кеңестік дерек жинаушы Л.Э.Коруновксия деген адам Куз­нецк қала маңын­дағы ауыл тұр­ғыны ұлты телеуіт Серапион Шадаевтан 1927 жылы қалап алып, ғылыми айналымға енгізген екен. Бұл мұраны сақтаушылар оны «Йылын» деп атап және ерте ғасырдан бері ата-бабадан жалғасып келе жатқан дүние екенін айтыпты. Йылынның бас­ты сипаты – дөңгелек шеңбер ішінде ай және күннің бейнесі салынып, сыртқы шеңберді жағалата 12 жыл атауына ие жануарлар орналастырылыпты (3-сурет).

вау 

Төртінші бейне – жыл атаулары мүсіні тақтай­­шаға ойып салын­ған нұсқаны (4-сурет) кеңестік этнограф, музейта­нушы-архиварис А.Г.Данилин (1896-1942) алтайлық тұрғын­дардың қолынан 1928 жылы сатып алып, Петербордағы Эрмитаж қорына өткізген екен. Төрт бұрыш тақтайшаның ішіндегі шеңберлі формада жыл атауы 12 хайуанның мүсіні жеке-жеке оймышталып, ішкі үш шеңбердің ортасына көне азиялық көшпенділер символы шексіздік оюы салыныпты.

чсмч

Бөлісу:
Жыл атаулары бейнеленген мұралар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар