Еңбек
2 мин оқу 422

Ауыр жұмыс істейтін адамдар «өмірін сақтандыру» маңызды

<p style="text-align: justify;">Елімізде өндірісте жарақат алған қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі бар. Бұл &ndash; мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақы, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мүгедектік бойынша әлеуметтік жәрдемақы және өмірді сақтандыру ұйымдарынан сақтандыру төлемдері. Осының ішінде &laquo;жаман айтпай, жақсы жоқ&raquo; дегендей, ауыр жұмыс істейтін адамдар өмірін сақтандыру үшін &laquo;ашық-жарықта&raquo; арнаулы ұйымдармен шарт жасасуға мән берген жөн.</p>

Ауыр жұмыс істейтін адамдар «өмірін сақтандыру» маңызды

Қазақстанда жыл сайын өндірісте еңбекті қорғау талаптарын бұзу салдарынан орта есеппен 1 400 жұмысшы жарақат алып, 200-ге жуық адам қаза табады. Бұл ретте жұмыста зардап шеккендердің ең көп саны Шығыс Қазақстан мен Қара­ғанды облыстарында байқалады.

Былтыр «Мемлекеттік аннуитеттік ком­п­ания «Өмірді сақтандыру компания­сы» АҚ (МАК) жұмыскерлерді еңбек мін­­деттерін атқару кезінде жазатайым оқи­ға­лардан сақтандыру бойынша заңды тұлғалармен 1 660 шарт жасасты. Оның ая­сында 83 122 адам сақтандырумен қам­тылды.

2022 жылы аталған компания жазатайым оқиғалардан зардап шеккен 1 069 қыз­меткерге 855 млн теңге сомасында ай сайын­ғы аннуитеттік төлемдер жүргізді. Бұған қоса 27 адам 3,5 млн теңге сомасына қосымша (медициналық) шығыстарды (500 АЕК-тен 1 000 АЕК-ке дейін, жерлеу­ге арналған біржолғы төлем – 100 АЕК) алды.

Сонымен қатар 1998 жылы ел жинақ­таушы зейнетақы жүйесіне көшкен сәт­тен бастап зейнетақы аннуи­теттері бағдар­ламасы іске қосылды. Зейнетақы аннуитеті Бірыңғай жинақ­таушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) қаражат жинақтауға балама ре­тінде қызмет етеді. Бағдарламаның мәні – азаматтарға зейнетақы жасына дейін басталатын өмір бойғы төлемдерді алу үшін жинақтауды БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына аударуға мүмкіндік беру.

Бұл ретте 2022 жылдың қорытын­дысы бойынша МАК жеке тұлғалар­мен 153 зейнетақы аннуитеттік сақтан­дыру шартын жасасты. Өткен жылы зей­нетақы аннуитеті шарттары бойынша 1,3 млрд теңге сомасына сақтандыру төлем­дері жүргізілді, мұны алушылар – 8 108 адам. 

Бөлісу:
Ауыр жұмыс істейтін адамдар «өмірін сақтандыру» маңызды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар