Партия
2 мин оқу 233

Шағын және орта бизнесті қолдау

<p style="text-align: justify;">&laquo;Amanat&raquo; партиясы Шымкент қалалық сайлауалды штабының мүшелері Жанар Бектаева, Есімхан Бертаев және Нұрсұлтан Балабиев &laquo;Самал&raquo; автобекетіне барды.</p>

Шағын және орта бизнесті қолдау

Аманаттықтар партия алдағы бес жылда шағын және орта бизнесті қолдауға көп көңіл бөлетін жет­кізді. Сондай-ақ үміткерлер сайлаушыларды тол­ғандырған түйткілді мәселелерге құлақ түріп, пар­тия­ның сайлауалды бағдарламасымен таныс­тырды.

«Шымкентте 107 мыңнан астам кәсіпкерлік суб­ъектісі бар. Онда өздеріңіз сияқты 190 мыңға жуық­ адам жұмыс істейді. «Amanat» партиясының бақы­лауымен 1,2 мың шағын және орта бизнес өкі­лін қолдауға жыл сайын бөлінетін қаражатты пай­да­ланудың тиімділігін қадағалаймыз. 2023-2027 жыл­дары өз ісін бастаймын деген азаматтарға же­ңіл­­детілген несие мен гранттың ашық және әділ бөлі­нуіне атсалысамыз», деді Шымкент қалалық мәс­лихатының депутаттығынан үміткер Жанар Бектаева.

Сондай-ақ «Amanat» партиясының рес­пуб­ли­калық сайлауалды штабында Talqylau диалог ала­ңының кезекті отырысында спикерлер еңбек нары­ғының ертеңін, өңірлерде кадр саясатына қа­ты­сты жүйелі жұмыс жүргізілмейтінін, жастар ара­сындағы жұмыссыздық мәселесін талқылады.­

­Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат ­Екатерина Смышляева «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған жұмыссыздық мә­се­лесін шешу, еңбек қауіпсіздігі және оның қор­ға­луы қағидаларын қатаңдату, «жұмыс істеп тұрған ке­дейлік» құбылысын жою, т.б. шара­ларды тал­дады.

Өз кезегінде Парламент Мәжілісінің де­пу­таттығына кандидат Динара Сәдуақасова ба­лалар мен жасөспірімдерді еңбекке баулу мә­се­лесін қозғады. Оның айтуынша, сайлауалды уә­де­лерді іске асыру аясында еліміздегі мектептер от­ба­сы­лық құндылықтарды, еңбекқорлықты, білім алу­ға деген құштарлықты және патриотизмді қол­дап, дамытады. Мектеп ұрпақ тәрбиесіне қа­тыс­ты жауапкершілікті бөлісіп, балаларымызды­ құрдастары мен ересектердің әлімжеттігінен қор­ғай­ды.

Заңгер Әсет Дәуітов фракцияның болашақ ша­қырылым депутаттары қарастыратын еңбек заң­на­ма­сын жетілдіру мәселесі жөнінде өз ұсынысын біл­дірді. Еске сала кетейік, Talqylau алаңында азаматтарды толғандырған өзекті мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірленеді.

Бөлісу:
Шағын және орта бизнесті қолдау · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар