Партия
2 мин оқу 302

Еңбек адамына құрмет

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ауыл&raquo; партиясына Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Николай Арсютин, Қайрат Айтуғанов, Жигули Дайрабаев, Аян Зейнуллин және түрлі деңгейдегі жергілікті мәслихаттарға кандидаттар Павлодар қаласында &laquo;Локомотив жөндеу зауыты&raquo; мен &laquo;Андас Agro&raquo; ЖШС жұмысшыларымен кездесті.</p>

Еңбек адамына құрмет

«Локомотив жөндеу зауыты» ЖШС жұмыс­шы­­ларымен жүздесу аталған серіктестіктің өнді­­рістік цехында өтті. Жиынға кәсіпорынның 100-ге­ жуық жұмысшысы қатысты. Бұл кезде­су­ «Ауыл» еңбек адамының мәртебесі үшін кү­ре­се­ді!­» тақырыбында өтті.

«Елімізде қарапайым жұмысшыны құр­мет­теу де­ген түсінік бүгінде құнсызданып кет­ті.­ «Адам­ды адам еткен – еңбек» десек, қо­ғам­дық қаты­нас­тар өзгерген қазіргі кезде біз на­ғыз еңбек ада­мы деп кім­ді бағалап жүрміз? Біз­де кімнің та­мыр-танысы­ көп, соның жолы бол­ғыш. Кім пы­сық болады, соның жағдайы жақ­сы. Біздіңше, ең­бек адамы­ де­геніміз, ең­ алдымен, таза жұмыс іс­тейтін, та­бы­­сын маң­дай терімен табатын адал жан. Таң ат­қаннан күн­ батқанға дейін тыным тап­пай тер тө­гетін жұ­мыс­шы қауымы мына сіз­дер. Жаздың ші­ліңгір ыс­тығы мен қыстың қа­қа­ған аязында ашық ас­пан астында бел жазбай ең­бек ететін шаруалар.­ Өкінішке қарай, бізде ең­бек адамдарын бағалау жетіспейді. Қызметіне адал жұмысшы кез кел­ген салада болуы керек. Се­бе­­бі, еңбек адамы әлеу­меттік құрылымдардың м­а­­ңызды бөлшегіне ай­налуға тиіс. «Ауыл» пар­тия­­сының сайлауал­ды­ бағдарламасында еңбек ада­­мына ерекше құ­қық­тық­ мәртебе беруге қол жет­­кізу керектігі тайға таң­ба басқандай анық жа­­зы­лған. Партияның мақ­са­ты – қарапайым ең­­бек­ адамының мәртебесін қай­тару. Бұл мә­се­ле сіз­ бен біз тізе біріктіргенде ғана­ қолға алы­на­ды.­ Он­даған жыл бойы сіресіп қат­қан сеңнің кө­бесі сіз­дердің қолдауларыңызбен Мә­жі­ліске бар­ғанда ғана сөгіледі», деді кәсіпорын жұ­мыс­шы­лары алдында сөз алған кандидат Жигули Дай­рабаев.

«Андас Agro» ЖШС жұмысшы ұжымымен кез­­десуде Николай Арсютин: «Ауыл» пар­тия­сының не­­гі­згі мақсаттарының бірі – еңбек ада­мының қа­ді­­рін арттырып, мәртебесін кө­те­ру. Сондай-ақ олар­­ға ауыл шаруашылығы өн­дірушілері ретінде артық­­шылықтар бере отырып, «ел асыраушысын» қастерлеуді қалыптастыру», деді.

Бөлісу:
Еңбек адамына құрмет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар