Оқиға
1 мин оқу 132

Павлодар облысында екі тұрғын үйден өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Екібастұз қаласындағы бес қабатты тұрғын үйдегі пәтердің бірінен өрт шыққан, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өрт сөндірушілер «Респиход» құтқару құрылғысын пайдалана отырып,  8 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялаған.

Сондай-ақ Павлодар қаласында бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан өрт шықты. Өрт сөндірушілер тұрғын үй пәтеріндегі өртті тез арада жойып, 14 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялаған. Өрттен 2 адам, соның ішінде пәтердің иесі құтқарылды. Екі жағдайда да өрт электр сымның қысқа түйықталуы салдарынан тұтанған.

Бөлісу: