Бейнеу ауданын экологиялық апат аймағы деп тану ұсынылды
<p style="text-align: justify;">Сенатор Бекбол Орынбасаров Бейнеу ауданын экологиялық апат аймағы деп тануды ұсынды. Оның айтуынша, халық денсаулығының нашарлауы, топырақтың тұздануы мен шаңды дауыл Арал теңізінің құрғауы салдарынан туындаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Сенатордың айтуынша, аудан тұрғындарының құқықтары жеткілікті қорғалмаған. Арал өңірінің қазақстандық бөлігі экологиялық апат аймағы болып танылды, оған Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандары, сондай-ақ Ақтөбе облысының Шалқар ауданы кірді.
«Табиғи өмір сүру жағдайларының нашарлауы нәтижесінде аудан тұрғындарында онкология, туберкулезбен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар аллергия, гипертония, асқазан-ішек аурулары және анемия белгілеріне шағымдана бастады. Ана мен бала өлімі де белең алып барады. Арал теңізінен зардап шеккен аудандарды анықтау жөніндегі комиссия құру, аумақтардың экологиялық жай-күйіне талдау жүргізу қажет. Сондай-ақ Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының аумағын заңнамада көрсетілген экологиялық аймақ санатына жатқызу қажет», деді Бекбол Орынбасаров.
Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта теңіздегі су деңгейі 48 см-ге дейін көтерілген.