Спорт
1 мин оқу 394

Бүгін Қуат Хамитов Бобур Абдулазизовпен кездеседі

<p style="text-align: justify;">Бүгін қазақстандық ММА файтері Қуат &laquo;Найман&raquo; Хамитов MMA-Series-тің қазіргі чемпионы (бұрынғы М-1) Бобур Абдулазизовпен кездеседі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Prosports.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Дәл қазір Атырауда Mergen FC лигасы ұйымдастырған кеш өтіп жатыр. Онда промоушеннің екі чемпионы анықталады.

57 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Талғат Жұмағалиев (9-4-1) грозныйлық «Ахмат» клубының өкілі ресейлік Джохар Эскиевпен (9-3) вакантты чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Жартылай жеңіл салмақта жергілікті файтер Шыңғыс Камал (3-0) мен жеңіліп көрмеген қырғызстандық Назарбек Әлімжанов (3-0) чемпиондық атаққа таласады.

Сондай-ақ кеште Нұрберген Шәріпов, Қанат Келдібеков, Исатай Теміров, Еділ Есенғұлов және басқа да файтерлер октагонға шығады.

Бөлісу:
Бүгін Қуат Хамитов Бобур Абдулазизовпен кездеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар