Аймақтар
1 мин оқу 320

Шенеуніктер жұмысқа ұлттық киіммен келді

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысының барлық аудан, қала әкімдіктері мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері жұмысқа қазақтың ұлттық киімін киіп келді.</p>

Шенеуніктер жұмысқа ұлттық киіммен келді

Ұлыстың ұлы күніне орай өткізіліп жатқан іс-шаралар аясында «Наурыз – ұлттық дәстүр мен меймандостық мерекесі» атауымен, ұлттық болмысымыз, мәдениетіміз бен киімімізді дәріптеуге арналған бастаманы облыс әкімі Дархан Сатыбалды ұсыныпты. Өңір басшысы әкім­діктегі аппараттың кезекті отырысын ұлттық киімде өткізді. Әріптестерін келе жатқан Наурыз мере­кесімен құттықтаған облыс әкімі ұлттық киім мемлекеттік қызметшінің болмысын ерекше етіп көрсететінін айтып өтті. «Мәдениетіміз бен дәс­тү­рімізді қолдаған жөн. Нау­рыз жақсылығымен келіп, хал­қы­мыздың берекесі арта берсін», деген Дархан Сатыбалды күн тәр­тібіндегі мәселелерді талқылап, тапсырмалар берді.

Қазақтың ұлттық киімдері көш­­пелі заманның салт-дәс­түрімен бүгінге дейін жалғасын тауып ке­леді. Жыл мезгілдеріне сай арнайы жасалған түрлері, ерлерге, әйел­дерге, балаларға ар­налған және тағы да басқа жас ерекшелігіне қа­рай бөлінетін түрі көп кездеседі. Пі­шіндері мен нақыштары өзгеше таза ұлттық киімнің бүгінгі заманға сәйкестіріле, сұранысқа сай тігілген түрлері де көп. Ең әдемі киім ұлттық киім екенін насихаттап, жұ­мысқа ерекше көңіл күймен келген мемлекеттік қызметшілерге жер­гілікті жұрт та қызыға қарайды. Барлық мем­лекеттік мекемелердің қыз­мет­керлері қолдаған бұл бас­тама жалғасын тауып, алдағы уа­қытта да ұлттық киім кию дәс­түрге ай­налмақ.

ТҮРКІСТАН 

Бөлісу: