Жаңалықтар
1 мин оқу 290

Жасыл алаңда жасалған сәжде

Әлем чемпионатында футболшылардың гол соққаннан кейін алаң­­ның шетіне барып сәжде жаса­уы дәстүрге айналып барады. Осылай­ша, мұсылман футбо­листер гол сал­ғанына шүкір­шілік айтып, дініне берік екендіктерін көрсетуде. Биылғы чемпионатта алғашқы сәжде  17 маусым күні Алжир мен Бельгия құрамаларының арасында өткен ойында тіркелді. Алжир құрамасының шабуылшысы Софиан Фегули 24-минутта гол соққаннан кейін сәжде жасады. Одан кейін де мұсылман елдерінің ойыншылары Алла тағалаға алғысын білдірген. Кешегі Аргентина – Нигерия матчында да африкалық ойыншы Ахмед Мұса екі доп соғып, командаластарымен бірге сәжде жасады.
Бөлісу:
Жасыл алаңда жасалған сәжде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар