Спорт
1 мин оқу 514

Қуат Хамитов кезекті жекпе-жегін өткізді

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (25-7-2) Mergen FC 4 турнирінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://vesti.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Vesti.kz-ке</a>&nbsp;сілтеме жасап.</p>

Оның қарсыласы өзбекстандық Бобур Абдулазизов (12-9) болды. Қуат бірінші раундтан бастап басымдығын байқатты. Ал өзбекстандық көбіне қорғанумен жүрді.

Екінші раундтың соңына қарай Хамитов қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді. 

Айта кетейік, әуелде Қуат Акоп Степанянмен (27-12) айқасу керек болған. Алайда ресейлік спортшы қарызына байланысты әуежайдағы тексерістен өте алмай, қалып қойған.

Бөлісу:
Қуат Хамитов кезекті жекпе-жегін өткізді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар