Оқиға
1 мин оқу 786

Теміртау тұрғынынан 3 келі есірткі тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Астана полицейлері Теміртау тұрғынынан 3 келі гашиш тәркіледі, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Елорданың ҰҚҚКБ қызметкерлері патрульдік полициямен бірлесіп, Мәңгілік Ел даңғылы бойындағы көлік тұрағынан 51 жастағы Теміртау тұрғынын тексерген. Тінту кезінде рюкзактан жалпы салмағы 2,918 келі болатын сұр-жасыл түсті зат салынған полиэтилен пакеті табылған.

Тәркіленген есірткі затының гашиш екендігі анықталған.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам УҰИ-ға қамалды.

Бөлісу: