Оқиға
1 мин оқу 331

Сарбаздар тұрғындарды өрттен құтқарды

Қызылорда қаласының көшелерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қызметке шыққан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5547 әскери бөлімінің жауынгерлері тұрғын үйдің бірінен шыққан өртті байқап қалған, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға 16 наурызда сағат 18:30-да болған.

Жауынгерлер өрт сөндірушілерді күтпестен, тұрғындарға көмектесуге шешім қабылдайды. Сонымен қырағы ұландықтар тәуекелге бел буып, алдымен тұрғын үйді қоршауға алды. Кейін үйдің ішіне кіріп, адамдарды өз күшімен шығара бастайды. Өрт сөндірушілер келісімен өрттің алды алынды.

«Менің балконымнан өрт шыққан кезде 5547 әскери бөлімінің жауынгерлері келіп маған көмек жасап, балаларымды алып шықты. Дер кезінде көмекке келген сарбаздарға, олардың командирлеріне алғыс айтамын», дейді сол үйдің тұрғыны Шынар Махамбетқызы.

Бөлісу: