Сайлау
1 мин оқу 216

Бүгін Астанада «Сайлау-2023» онлайн марафоны өтеді

<p style="text-align: justify;">19 наурызда Астанада &laquo;Қазақстан&raquo; телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен 16 сағаттық &laquo;Сайлау-2023&raquo; онлайн марафоны өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="https://egemen.kz/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Политейнмент және инфотейнмент форматындағы шара таңғы 09:00-де басталып, түнгі 01:00-ге дейін жалғасады.

Онлайн марафонға БАҚ өкілдері, депутаттар, саясаттанушылар, министрлер, түрлі сала қызметкерлері, қоғам белсенділері мен өнер жұлдыздары қатысады.

Шара барысында түрлі тақырыптарда дискуссиялар ұйымдастырылып, жедел брифингтер, дауыс беру барысы туралы аймақтардан және шетелдерден тікелей қосылымдар жасалады.

Сондай-ақ «Сайлау-2023» онлайн марафоны республикалық және аймақтық телеарналардың, басылымдар мен ақпараттық агенттіктерінің сайтында, Facebook және YouTube желісіндегі ресми парақшаларында 16 сағат бойы үзіліссіз тікелей трансляцияланады.

Бөлісу:
Бүгін Астанада «Сайлау-2023» онлайн марафоны өтеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар